logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Алматы-Наурызбайда Қамқоршылық Кеңестің отырысы өтті

08 қазан 2026 16:26

Алматы-Наурызбай NIS-те мектептің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында Кеңестің жаңа құрамы таныстырылып, 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі жұмыс бағыттары айқындалды.

Бұған дейінгі Қамқоршылық кеңес құрамының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты жаңа құрамға ата-аналар қауымдастығының, Зияткерлік мектептердің, бизнес саласының, мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді.

NIS Алматы-Наурызбай директоры Маслихат Зәмірбекқызы Қамқоршылық кеңестің жаңа мүшелерін құттықтап, Кеңестің қызметі туралы ережемен таныстырды. Сондай-ақ жаңа есепті кезеңде жемісті әрі нәтижелі жұмыс тіледі.

Отырыс күн тәртібіне сәйкес NIS директорының орынбасары Н.С. Жұмабаева Қамқоршылық кеңестің төрағасын сайлау мәселесін ұсынды. Төрағалыққа кәсіпкер, «Мұқали» қоғамдық қорының төрағасы, ата-аналар қауымдастығының өкілі Болат Сансызбайдың кандидатурасы ұсынылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша кандидатураны Кеңес мүшелері бірауыздан қолдады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе — Қамқоршылық кеңестің 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту болды. Талқылаудан кейін жоспар жобасы бірауыздан бекітілді.

Қамқоршылық кеңестің негізгі жұмыс бағыттары — мектепке өз міндеттері мен бастамаларын іске асыруға қолдау көрсету, білім беру ортасын одан әрі дамытуға атсалысу, сондай-ақ мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында қосымша қаржылық және мүліктік ресурстар тартуға ықпал ету.

Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы мектепті дамытуға, білім беру бастамаларын қолдауға және оқушылардың білім алуы мен жан-жақты дамуына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастырады.