Жаңалықтар
“DARYN FIRST CHAMPIONSHIP-2025” байқауындағы «PID» робототехниктер командасының елеулі жеңісі
10 қаңтар 2025 11:20
8-9 қаңтарда Алматы облысы Қаскелен қаласында робототехникадан «Daryn FIRST Championship» республикалық фестивалі өтті. Екі күн бойы жас инженерлер FIRST халықаралық бағдарламасының үш бағыты бойынша жарысты: FIRST Tech Challenge (FTC), FIRST LEGO League Challenge (FLL Challenge) және FIRST LEGO League Explore (FLL Explore).
Қазақстанның арнайы дайындайтын білім орталықтарынан жиналған 1200 жас робототехниктердің ішінен Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS- тің «PID» командасы топ жарып ақтық кезеңде 1 орынға ие болды.
NIS командасы ақпан айында Елордада өтетін Central Asia FIRST Championship -2025 республикалық жарыста «FIRST TECH Challenge» санатында бақ сынайды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
Жетекшілері: информатика пәні мұғалімі Ясинжан Шақан, NIS Engineering Lab жетекшісі Айбек Қалабай.