Жаңалықтар
NIS оқушысы Оксфорд MUN конференциясынан жеңіспен оралды
11 ақпан 2025 12:10
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары әйгілі Оксфорд университеті ұйымдастыратын Біріккен Ұлттар Ұйымы Моделінің конференциясында үздік атанып Қазақстан туын желбіретті.
Еуропа, Азия, Американың 50 елдерінен университет студенттері мен жоғары сынып оқушылары бас қосқан тартысты пікірталас алаңында дипломатиялық шеберлік пен ораторлық қабілетімен көзге түсіп, өз позициясын жоғары деңгейде қорғап шыққанАлматы қаласының химия-биология бағытындағы 10”С” сынып оқушысы Анель Иманжанова конференцияның жабылу рәсімінде халықаралық қазылар алқасының шешімімен “Оutstanding delegate” номинациясының иегері атанды.
Жетекшісі: ағылшын тілі және ГППР пәні мұғалімі Сафаралиева Диляра.