Жаңалықтар
NIS оқушыларының халықаралық аренадағы тарихи жетістігі
14 ақпан 2025 16:06
NIS оқушысы Назым Қайрат АҚШ-та өткен Model United Nations (MUN) халықаралық конференциясында үздіктер қатарынан табылып, “Honorable Mention” номинациясының иегері атанды. Бұл жеңіс мектеп тарихындағы осы бағыттағы алғашқы жетістік деп айтуға болады.
АҚШ-тың студенттік астанасы аталған Бостон қаласындағы әйгілі Массачусетс технологиялық институтында өткен Model United Nations халықаралық конференциясына Зияткерлік мектептің 14 оқушысы қатысты. MIT университетіндегі MUN конференциясы жоғары бәсекелестікпен танымал, мұнда әлемнің үздік академиялық жетістіктері бар, тәжірибелі сайыскерлер мен болашақ лидерлер бақ сынайды. АҚШ, Еуропа, Азия, Аустралия, Африка, Латын Америкасы елдерінен келген делегаттарға бұл шара ерекше атмосфера қалыптастырып, халықаралық қатынастар мен дипломатия әлеміне терең үңілуге бірден-бір мүмкіндікті береді.
NIS оқушылары 10-нан астам комитетте климаттың өзгеруі мен тұрақты даму, халықаралық қауіпсіздік пен адам құқықтары сынды жаһандық мәселелерді талқылады. Зияткерлер өздерінің командалық жұмыс жасау қабілеттерін, дипломатиялық техникаларды, оның ішінде іскерлік ағылшын тілін қолдану дағдыларын көрсетіп, көзге түсті.
Конференцияның қорытындысы бойынша Awards Committee халықаралық төрешілер алқасының шешімімен 11 «Н» сыныбының оқушысы Назым Қайратқа табысталған номинация дипломатия саласындағы үздік жетістіктері, аналитикалық ойлау қабілеті мен талқылауларға белсенді қатысқаны үшін берілді.
– Біз үшін халықаралық дәрежедегі конференцияға қатысу баға жетпес тәжірибе болды, және халықаралық қатынастар саласындағы білімдерімізді нығайтуға ғана емес, сонымен қатар жаһандық білім беру желісінің бір бөлігі болуға, мәдениеттер арасында көпірлер орнатуға және болашақ лидерлер ретінде дамуға өз септігін тигізеді деп о, – деп бөлісті Назым Қайрат.
Сапар барысында, Зияткерлік мектептің MUN клубының жетекшісі, «Жаһанды перспективалар мен жобалық жұмыстар» пәнінің мұғалімі Айгерім Серікбаева ұйымдастырған кампус-тур барысында оқушылар Гарвард университетімен танысып, онда оқитын қазақстандық студенттермен кездесті.