Жаңалықтар
Қамқоршылық Кеңестің назарында білім беру процесін қолдау және дамыту
24 ақпан 2025 10:40
Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы NIS-те Қамқоршылық Кеңестің кезекті отырысы онлайн форматында өтті.
Жиынды мектеп әкімшілігі- NIS директоры М.Зәмірбекқызы, орынбасарлары Қыздарбекова Л.Т., Сабырханова Ш.Ө. өткізді. NIS директоры Маслихат Зәмірбекқызы кіріспе сөзбен ашып, Кеңестің мүшелерін Зияткерлік мектептің соңғы жетістіктері мен алдағы тұрған стратегиялық жоспардың маңызды шараларымен таныстырды. Биылғы жылдың айтулы шаралары Зияткерлік мектептің 10-жылдығы аясында өтетіні айтылды.
Зияткерлік мектебінің Қамқоршылық Кеңесінің құрамында:
Мансуров Зулхаир Аймухаметович - химия ғылымының докторы, Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің профессоры;
Тоғызбаев Ғалымжан Асылбекұлы- жоғары дәрежедегі танымал дәрігер-ревматолог, медицина ғылымының докторы, Қазақстан ревматологтар коллегиясының төрағасы, Еуразиялық ревматология лигасының Президенті, профессор;
Байқошқарова Салтанат Берденқызы- жоғары дәрежедегі эмбриолог, биология ғылымдарының докторы, «ЭКОМЕД» репродуктивтік медицина орталығының ғылыми директоры, қоғам қайраткері ;
«OTBASY BANK” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Акшанов Нұрлан Сагындыкович;
Қазақстан-Британ университетінің ректоры Габдуллин Маратбек Тулебергенович;
Қамқоршылық Кеңестің төрайымы, Ulttyq Ustaz-онлайн академиясының директоры, Alem University Президенті Құрғанбаева Гүлмира Аманжолқызы
Қамқоршылар Кеңесі білім беру процесін дамыту, оқу орнының материалдық-техникалық базасын жақсарту және ағымдағы жылға негізгі жұмыс бағыттарын талқылады.
Қамқоршылық Кеңестің ішкі жұмысының негізгі мәселелеріне тоқталып, құрылымның жетілдіру мақсатында өз көзқарасын білдірді және Зияткерлік мектептің дамуы бағытындағы үстіміздегі жылдың жоспарын талқылауды ұсынды.
Қамқоршылар Кеңесі білім беру процесін дамыту, оқу орнының материалдық-техникалық базасын жақсарту және ағымдағы жылға негізгі жұмыс бағыттарын қарастырды.
Ғылыми қоғамдастық өкілдері мектеп бағдарламасы шеңберінде академиялық оқытудың маңыздылығын алға тартып білім ошағының университеттермен, бейінді ұйымдармен тығыз ынтымақтастығы қажеттігін атап өтті, оқушыларды ғылыми практикаға тартуда, медициналық орталықтарда, ҚазҰУ, ҚБТУ зертханаларында тағылымдама ұйымдастыруға, кәсіби бағдар бағытында қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді:
– Бұл бағыт болашақ кәсіптерін айқындауға көмектеседі, заманауи зерттеулермен жұмыс істеуге, жобаларын жүргізуге, сыни ойлау мен аналитикалық қабілеттерін дамытуға, ғылыми журналдарға мақала жазу дағдыларын шыңдауға ықпал тигізеді,- деді өз сөзінде КБТУ ректоры Маратбек Тулебергенович.
Отырыс жоспары бойынша қосымша сұрақтар талқыланды.
Қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып бірауыздан «Ulttyq Ustaz» онлайн-академиясының СЕО басқарушысы, Alem университетінің президенті Г. А. Қорғанбаева қайта сайланды.