logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақтау қаласындағы NIS және Yinghua Academy оқушылары арасында мәдени алмасу өтті

06 наурыз 2025 17:05

🌱Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Қытайдың Тяньцзинь қаласында орналасқан Yinghua Academy мектептері арасында мәдени алмасу шарасы өтті.

Бұл кездесуде екі мектептің оқушылары өз мәдениеттерін таныстырып, ұлттық өнерлерімен бөлісті. Ақтаудағы NIS оқушылары қазақтың ұлттық билерін, домбырадағы күйлерді орындап, өз қаласы мен мектебі туралы презентация жасады.

Өз кезегінде Yinghua Academy оқушылары мектебі жайында, қытайдың дәстүрлі кестелеу өнерін, ұлттық музыкалық аспаптарда ойнауды, кунг-фу өнерін, сондай-ақ Пекин қаласы туралы қызықты мәліметтерді ұсынды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-