Жаңалықтар
Ақтаудағы NIS оқушылары физика мен биология пәнінен Республикалық олимпиаданың күміс жүлдегерлері атанды
21 наурыз 2025 15:06
Ақтаудағы NIS оқушылары елордада физика мен биология пәндерінен 9-11(12) сыныптар арасында өткен Республикалық олимпиададан қос күміс жүлде еншіледі.
Атап айтқанда, физика пәні бойынша
Мейіржан Құдабаев және биология пәні бойынша Рамазан Ануарбек 2-орын иеленді.
Республикалық додада әр аймақтан 300-ден аса оқушы бақ сынады. Оның ішінде NIS құрама командасы жақсы нәтиже көрсетіп, 8 алтын, 8 күміс, 4 қола мен бір құрмет грамотасын еншіледі.
Жеңіс тұғырынан көрінген барлық оқушыларды құттықтаймыз!