logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақтаудағы NIS оқушысы Дамир Нурланов республикалық олимпиадада алтын медаль алды!

29 наурыз 2025 12:54

🌱Алматы қаласында 9-11 (12) сыныптар арасында география мен математика пәнінен өткен республикалық олимпиадада Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Дамир Нурланов математика пәні бойынша 1-орын иеленіп, алтын медаль жеңіп алды!

Бес күнге созылған білім додасына еліміздің түкпір-түкпірінен ең үздік 324 оқушы қатысып, өз білімдерін теориялық және практикалық турларда сынады. Олимпиада жеңімпаздары ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды.

🌱Дамирді осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Оның жеңісі — талмай еңбектенудің, табандылықтың және үздік білімнің нәтижесі. Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!

NIS құрама командасы 14 алтын, 9 күміс және 5 қола медальға ие болды.

Фотогалерея

image-
image-