logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Айбар Мурзабеков профессор В.Я. Курбатов атындағы “Химия: ғылым және өнер” XV халықаралық ғылыми жұмыстар байқауы және олимпиадасында әділқазы болды

29 наурыз 2025 15:15

🌱26 наурыз күні директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, химия пәні мұғалімі Айбар Мурзабеков профессор В.Я. Курбатов атындағы “Химия: ғылым және өнер” XV халықаралық ғылыми жұмыстар байқауы-олимпиадасында әділқазы алқасының құрамында жұмыс жасады.

🌱Ол «Химия және өмір» секциясында 26 ғылыми жобаны тыңдап, қатысушыларға сұрақтар қойып, олардың зерттеу жұмыстарын жетілдіру бойынша құнды ұсыныстар берді.

🌱Айбар Бейбитович бұл беделді байқауда төрт жыл қатарынан әділқазы алқасының тұрақты мүшесі болып келеді. Оның кәсіби біліктілігі мен тәжірибесі жас зерттеушілерге ғылыми ізденістерін жетілдіруге көмектесуде.