Жаңалықтар
Ақтаулық оқушылар жасанды интеллект олимпиадасында үздік атанды
31 наурыз 2025 10:25
Елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 10–12-сынып оқушылары арасында алғаш рет өткен жасанды интеллект бойынша желілік олимпиадада
мектебіміздің оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтқанда, Ақансері Қайырбай мен
Сұлтанбек Сары 1-орын иеленсе, Азамат Жолжан 2-орын иеленді.
Олимпиадаға 150-ден астам NIS оқушысы қатысты. Болашақ IT мамандары екі күн бойы күрделі тапсырмаларды орындап, жасанды интеллект саласындағы білімдері мен дағдыларын шыңдады.
Олимпиада жүлдегерлері үшін арнайы мүмкіндіктер:
Ақансері Қайырбайға Astana IT University гранты табысталды.