Жаңалықтар
Ақтаулық оқушы Дамир Нұрланов математикадан халықаралық олимпиадаларда қола жүлдегері атанды
01 сәуір 2025 17:02
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дамир Нұрланов Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында (АТМО) және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасында (МОШП) қола медаль иеленді.
Бұл жеңіс әлемнің 40-тан астам елінен ең үздік жас математиктер қатысқан бәсекеде оның терең білім мен логикалық ойлауының нәтижесі. Дамирдің бұл жетістіктері тек осы олимпиадалармен шектелмейді.
Ол көптеген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегері: Жәутіков халықаралық олимпиадасының күміс және қола медальдері, Балқан жасөспірімдер математикалық олимпиадасының қола медалі, Иран геометриялық олимпиадасының күміс және қола медальдері, Республикалық математикалық олимпиаданың бірнеше жүлделері, және тағы басқа жетістіктерімен таныс.
Айта кетсек , Дамир Korea Advanced Institute of Science & Technology (KAIST) университетінен оқуға шақырту алды.