Жаңалықтар
“Қос перне” ансамблі халықаралық сахнада топ жарды
29 наурыз 2025 15:25
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің “Қос перне” домбырашылар ансамблі Ташкент қаласында өткен II International Art Festival “Zheti Öner” халықаралық байқауында қазақ өнерінің мәртебесін асқақтатты.
Байқауда ансамбль мүшелері Ақтайдың “Ер Тұран” күйімен бірінші орынды иеленсе, Әбдімомын Жолдыбаевтың “Ерке сылқым” күйі көрермендерді ерекше әсерге бөлеп, бас жүлдені қанжығасына байлады.
“Қос перне” ансамблінің жетекшісі – Гүлсим Сейітханқызы Тажмағанбетова. Оның жетекшілігімен жас домбырашылар ұлттық өнерді насихаттап, халықаралық деңгейде өз таланттарын дәлелдеп келеді.
Мектебіміздің өнерпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!