logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

80 жас көшбасшы бір алаңда: «Цифрлы сауаттылық – сенімді болашаққа қадам» форумы өтті

28 ақпан 2025 15:12

27 ақпан Ақтаудағы NIS-та облыстық деңгейде 80 жас көшбасшы бас қосқан «Цифрлы сауаттылық – сенімді болашаққа қадам» форумы өтті. Форумға облыс көлеміндегі мектеп көшбасшылары, жетекшілері және мектеп әкімшілігі қатысты.

Салтанатты жиынды мектеп директоры Жұмабаев Ринат Нұрланұлы ашып, жастарға сәттілік тіледі. Форум бағдарламасы мазмұнды әрі пайдалы талқылауларға толы болды.

Форум барысында көтерілген негізгі мәселелер:

🔹 «Цифрлық әлемдегі көшбасшылық: даму, білім алу, технологиялар» – NIS Alumni Бекмагамбет Жадыра өз тәжірибесімен бөлісті.

🔹 «Оқушылардың әл-ауқатын арттыруда өзін-өзі басқару ұйымының рөлі қандай?» – Нұрмұхамет Қарақат маңызды ой қозғады.

🔹 TEDx форматында «Әлеуметтік желілерге тәуелділік дәуірін қалай бастан кешіреміз?» тақырыбында қызықты пікірталас өтті.

🔹 Интерактивті бөлімде мектептегі әл-ауқатты қалыптастыру бойынша психолог мамандардың ұйымдастыруымен кейстар талқыланып, тәжірибе алмасу жүзеге асты.

Форум аясында көшбасшыларға сертификаттар табысталып, лотерея, кофе-брейк және Жайдарман ойыны ұйымдастырылды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-