logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақтаудағы NIS-тағы «арт терапия»: эмоциялық қолдау мен шығармашылық әлеует

07 сәуір 2025 10:56

Ақтау қаласындағы NIS-та мектептің психологиялық қызметі мен Kindness Club мүшелерінің ұйымдастыруымен ерекше шара – «Арт-галерея» арт-терапиялық акциясы өтті.

Шара барысында оқушылар мен ұстаздар арнайы дайындалған суреттерді бояу арқылы шығармашылық пен тыныштық әлеміне енді. Әр қатысушы өзіне ұнаған суретті еркін бояп, эмоциялық күйін шығармашылықпен жеткізді.

Арт-терапияның пайдасы:

  • Эмоциялық кернеуді төмендетеді

  • Ішкі сенімділікті арттырады

  • Өзін-өзі еркін білдіруге жол ашады

  • Қиял мен эстетикалық талғамды дамытады

Арт-суреттер – бұл баланың жанын тыныштандырып, жеке тұлғалық дамуына қолдау беретін ерекше құрал.

Бұл – жай ғана бояу емес, бұл – жан тыныштығы мен өз-өзіңді танудың бір тәсілі.

Фотогалерея

image-
image-
image-