logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

12-сынып оқушыларына арналған тимбилдинг

10 сәуір 2025 10:54

2025 жылдың 9 сәуірінде мектептің психологиялық қызметі (Маскарова Т.О., Арыстанова Б.А., Ногаева Ф.А.) мен кураторлық қызметі бірлесіп, 12-сынып оқушылары үшін ерекше тимбилдинг ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың емтихан алдындағы қобалжу мен мазасыздығын сейілту, ішкі тыныштық пен сенімділік сыйлау.

Оқушылар флешмоб билеп, үрленетін көпіршіктер арқылы өз қорқыныштары мен уайымдарын “шығарды”, бір-бірінің футболкаларына қолдау сөздерін жазып, ерекше естелік қалдырды.

Бұл күн қуаныш пен шабытқа толы болды. Тимбилдинг оқушылардың командалық рухын нығайтып, маңызды сәттерге сеніммен қадам басуға серпін берді.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-