logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақтауда зерттеу және тәжірибе алмасу шарасы өтті

14 сәуір 2025 17:00

Өткен жұма күні Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде зерттеу жұмыстарына бағытталған интенсив аясында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды:
  • Облыс мектептері мұғалімдеріне арналған постер сессия

  • Зерттеумен айналысып жүрген мұғалімдерден семинар

  • Оқушылардың жобалық жұмыстарының көрмесі

  • Қайырымдылық жәрмеңкесі

Постер сессия мен семинар барысында мұғалімдер өз зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, білім беру саласындағы әдістемелік тәсілдерді таныстырды. Зерттеу жұмысын постер арқылы қорғау педагогтердің кәсіби тәжірибесін тарату мен талқылаудың тиімді тәсілі болды.
Зерттеу тәжірибесін алмасу алаңын құру облыс мұғалімдерінің кәсіби дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-