logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақтаулық түлек Оксфорд университетінің PhD бағдарламасына қабылданды

15 сәуір 2025 10:58

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2019 жылғы түлегі Меруерт Бижанова ғылым жолындағы кезекті үлкен жетістікке жетіп, әлемнің ең беделді жоғары оқу орындарының бірі — Оксфорд университетінің докторантура бағдарламасына ресми түрде қабылданды!

Меруерт — бұған дейін АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде білім алып, Студенттер ассамблеясының президенті атанған болатын.

“Мен Оксфордқа докторантураға түстім!” – деп өзінің қуанышты жаңалығын Меруерт жеке парақшасында бөлісті. Ол бұл университет туралы ерекше толқыныспен айтып:

«Ол – Стивен Хокинг оқыған, Гарри Поттер түсірілген, адамзат өркениетіне өзгеріс әкелген идеялар туған жер» – деп жазды.

Оксфорд — әлемдік деңгейдегі ойшылдар мен Нобель сыйлығының лауреаттарын тәрбиелеген, премьер-министрлер мен ғалымдарды дайындаған, ұлы ақыл-ой иелерінің ортасы.