logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақтаудағы NIS және Әзірбайжан мектебінің арасында халықаралық телекөпір өтті

27 сәуір 2025 09:25

25 сәуір күні Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Әзірбайжан Республикасының №36 мектебі арасында халықаралық телекөпір өтті.

«Наурыз – достық пен бірліктің бастауы» атты бұл шара барысында оқушылар ұлттық дәстүрлер мен тағамдар туралы баяндамалар жасап, күй орындалып, екі елдің мәдени ортақтастығы кеңінен таныстырды.

Сонымен қатар, Ақтау қаласының 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанғаны да мақтанышпен атап өтілді.

Іс-шараны рухани-адамгершілік тәрбие апталығы аясында педагог-кураторлар ұйымдастырды.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-