Жаңалықтар
Халықаралық конференция: “Түркі дүниесінің генетикасы және ортақ мәдени құндылықтары”
28 сәуір 2025 17:02
25 сәуір күні мектебімізде тарих және география кафедрасының ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына арналған “ГЕНЕТИКА ТЮРКСКОГО МИРА И ОБЩИЕ КУЛЬТУРНЫЕ ЦЕННОСТИ: ИСТОРИЯ, ТРАДИЦИИ, ПЕРСПЕКТИВЫ” тақырыбында халықаралық онлайн конференция өтті.
Конференцияға Қырғыз Республикасы, Башқұртстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы және Қазақстанның Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары қатысты. Пленарлық отырысты мектеп директоры Р.Н.Жумабаев ашып берді.
Ғылыми баяндамалармен Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры М.Д.Калменов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия ғылымдарының кандидаты Д.Б.Жаркимбаева және Педагогикалық өлшемдер орталығының эксперті, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.А.Тлеубердинов сөз сөйледі.
Пленарлық отырыстан соң 5 секцияда 34 оқушы өз зерттеу жұмыстарын қорғады. Конференция барысында тың ғылыми идеялар ұсынылып, қатысушылар тарапынан оның халықаралық деңгейде ұйымдастырылуына жоғары баға берілді. Алдағы уақытта бұл іс-шараның дәстүрлі ғылыми алаңға айналуы ұсынылды.