Жаңалықтар
Ақтаудағы NIS-те WRO 2025 аймақтық іріктеу жарысы өтті
29 сәуір 2025 09:56
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі WRO 2025 робототехника бойынша аймақтық іріктеу кезеңін қабылдады.
Жарысқа Маңғыстау облысы бойынша 60-қа жуық команда қатысты. Қатысушылар түрлі жас ерекшеліктері мен номинациялар бойынша өз жобаларын ұсынды.
Республикалық кезеңге жолдама алған үздік командалар:
WRO RM ELEMENTARY
– S7 IQ командасы
Қонақбай Аян Болатұлы, Еркебұлан Бекжан
Тренері: Дауыл Қайрат Нұртасұлы
WRO RM JUNIOR
– Хасанов Бекзат, Серік Нұртілек (S7 SMS)
Тренерлер: Үмірбеков Нұрсұлтан, Амантай Батырхан
WRO RM SENIOR
– Амантай Батырхан, Үмірбеков Нұрсұлтан (S7)
Тренері: Қалиев Қазбек
Future Engineers (FE)
– Халелов Қайсар, Нұрым Шотан (S7 Jana Qadam)
Тренерлер: Амантай Батырхан, Үмірбеков Нұрсұлтан
FUTURE INNOVATORS ELEMENTARY
– IQ командасы
Аманюан Райяна, Нұрбосын Гүлнұр Асқарқызы
Тренері: Дауыл Қайрат Нұртасұлы
FUTURE INNOVATORS JUNIOR
– Сапи Бекнұр, Есенгелді Нұрлан (S7 DualForce)
Тренерлер: Амантай Батырхан, Үмірбеков Нұрсұлтан
FUTURE INNOVATORS SENIOR
– Тлеужан Ілияс, Сайранова Сара, Сары Сұлтанбек
Тренері: Қалиев Қазбек
Robosport
– RoboShetpe командасы
Сұлтанғали Данияр, Маратұлы Диас
Тренері: Сенғалиев Нұрбек
Жарыс барысында оқушылар шығармашылық, техникалық және командалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Енді олар республикалық кезеңде өңір намысын қорғайтын болады.