Жаңалықтар
Ақтаудағы NIS-те жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті
02 қыркүйек 2025 17:25
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2025-2026 оқу жылының басталуына арналған «Самғай бер білімнің өркеніне, қош келдің зияткерлер мектебіне» атты салтанатты жиыны өтті.
Биылғы оқу жылында NIS табалдырығын алғаш аттаған 7-сыныптың 136 оқушысы интеллектуалдар қатарын толықтырды. Алғашқы қоңырау олардың жаңа өмір белесіне қадам басқанын айшықтап берді.
Жиын барысында мектеп директоры Ринат Жұмабаев сөз сөйлеп, зияткерлерді, ата-аналарды және ұстаздарды оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол жаңа оқу жылының әр оқушы үшін табыс пен жаңалыққа толы болуын тілеп, «Әр зияткердің айқын мақсаты болып, оған жету жолында талпыныс пен табандылық танытуы маңызды» екенін атап өтті.
Жаңа оқу жылы – жаңа үміт пен жаңа жетістіктердің бастауы. Ақтаулық зияткерлерге сапалы білім алып, ел ертеңіне өз үлесін қосар тұлға болып қалыптасу жолында үлкен сенім артылуда.