logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты облыстық форум өтті

28 қыркүйек 2025 10:00


Ақтаудағы NIS-та Маңғыстау облысының Білім басқармасы мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Ақтау қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептердің жас мамандарына арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты облыстық форум өтті.

Форумның мақсаты – жас мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру және білім берудегі заманауи үрдістерді талқылау болды.

Бағдарлама TED Talk форматындағы мотивациялық сессиямен басталып, одан әрі облыс мұғалімдерінің шеберлік сағатына арналды. Іс-шара барысында жасанды интеллекттің білім берудегі рөлі, функционалдық және оқу сауаттылығын дамыту, инклюзия, мұғалімнің кәсіби тұрақтылығы мен психологиялық қолдау тақырыптары талқыланды.

- Форумда қамтылған жасанды интеллектті тиімді пайдалану, функционалдық сауаттылықты дамыту, инклюзивті ортада оқушыларды қолдау және ұстаздың кәсіби тұрақтылығын сақтау жөніндегі ойлар мен үшін өте құнды болды. Әсіресе жасанды интеллекттің мұғалімнің орнын алмастырмай, тек көмекші құрал болатыны ерекше ой салды. Бұл талқылаулар мені жаңа идеяларға жетелеп, алдағы жұмысыма тың серпін берді, - деді форумға қатысушы Мұнайлы ауданының мұғалімі Жанби Сұлтан.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-