logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақтаулық оқушы Жасмин Вадодарияның ғылыми мақаласы халықаралық журналда жарияланды

12 қыркүйек 2025 12:05

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Жасмин Вадодария халықаралық деңгейде тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді. Оның ғылыми мақаласы әлемнің дарынды оқушыларына арналған беделді академиялық басылым – OxJournal журналында жарияланды.  The Diplomacy of Unequals: Power Asymmetries in Global Climate Diplomacy | OxJournal

2025 жылдың 6 қыркүйегінде жарық көрген ғылыми еңбек «The Diplomacy of Unequals: Power Asymmetries in Global Climate Diplomacy» деп аталады. Бұл мақалада Жасмин жаһандық климат дипломатиясындағы күш пен ықпал теңсіздігі мәселелерін зерттейді. Зерттеу барысында ол халықаралық қатынастардың қазіргі сын-қатерлерін талдап, әділетті шешімдер іздеді.

Айта кетсек, Жасминнің ғылыми мақаласының беделді халықаралық OxJournal журналында жариялануы оның 2025 жылдың мамыр айында Oxford Scholastica халықаралық эссе байқауында «Жазу және журналистика» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленіп, құны £995 болатын толық оқу грантын жеңіп алуының арқасында жүзеге асты. Бұл грант оған жазғы онлайн академиялық бағдарламаға қатысуға мүмкіндік берді. Бағдарлама барысында Жасмин әлемнің түрлі елдерінен келген талантты оқушылармен бірге жұмыс істеп, Оксфорд университетінің түлегі басқаратын бағдарламаны сәтті аяқтап, осы мақаланы жазып шықты.

Жасминнің мақаласының беделді халықаралық журналда жариялануы — тек жеке жетістік емес, сонымен қатар Қазақстанның білімді жастарының әлеуетін айқындайтын маңызды оқиға.