07 қараша 2025 10:54
6 қараша күні Ақтаудағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық мектептер кеңесінің (Council of International Schools, CIS) реаккредитациясынан сәтті өткенін растайтын ресми куәлікті алды.
Қазан айының басында бес күн бойы халықаралық CIS сарапшылары мектептің оқу үдерісімен, тәрбие және бағалау жүйесімен, қауіпсіздік саясаты мен мектеп қауымдастығының даму бағыттарымен жан-жақты танысты.
Сапар қорытындысында сарапшылар Ақтаудағы Зияткерлік мектеп ұжымының кәсіби деңгейіне жоғары баға беріп, серіктестік мәдениеті мен өзара қолдау атмосферасын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, оқушылардың әл-ауқатына бағытталған жүйелі қамқорлық, сапалы білім беру тұжырымдамасы және жаһандық азаматтық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне тиімді енгізу — мектептің басты күші ретінде танылды.