logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

500-ге жуық оқушы Шәмші әндері шырқалған балға қатысты

21 қараша 2025 10:52

Ақтау қаласы NIS-тің ұйымдастыруымен дәстүрлі «10 жыл бақыт құшағында» атты Қазақ вальсінің королі, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған шара өтті.

500-ге жуық оқушы мен мұғалім қатысқан кешті мектеп директоры Ринат Жұмабаев ашып, жобаның мән-маңызына тоқталып, шараны ұйымдастырған ұжымға және оқушыларға сәттілік тіледі.

Әуезді ән ырғағымен қатысушылар композитордың «Бақыт құшағында», «Кешікпей келем деп ең» «Ақ бантик» «Ақерке-Ақжайық», «Ақмаңдайлым», «Тамды аруы» шығармаларына вальс билеп, кеш қонақтарына әсер сыйлады.

“Бұл кеш — мектебіміздің 10 жылдық мерейтойы аясында және “Қазақтың 100 әні” жобасы шеңберінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан маңызды мәдени іс-шара. Ұлттық өнерді дәріптеу, оқушыларға қазақ музыкасының жауһарларын жақын таныту — мектептің тәрбиелік жұмысының басты бағыттарының бірі. 10 жыл ішінде бұл кеш оқушыларды өнерге баулитын, жүрекке жылу сыйлайтын әсем дәстүрге айналды.”- деді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гулжанат Курманова.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-