Жаңалықтар
NIS AKTAU Желілік олимпиаданың үздік үштігінде
26 ақпан 2026 10:00
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ филиалдары оқушыларының арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың желілік кезеңінде үздік нәтиже көрсеткені үшін Ақтау қаласындағы NIS командасы «Ең үздік олимпиадалық жоба» номинациясымен марапатталып, ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Айта кетейік, биылғы оқу жылында өткізілген желілік олимпиададан мектебіміздің оқушылары 36 жүлде алды. Зияткерлер химия, физика, математика, биология, география, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша үздіктермен бақ сынасты.
Таңғы жиын барысында мектеп директоры барша ұжымды, зияткерлердің жетекшілерін құттықтап, дипломдарын табыстады. Алдағы сайыстарда да осындай белсенділік танытып, үздіктер қатарынан табылуды тіледі.
NIS ұжымын жеңіспен құттықтаймыз!