Жаңалықтар
UNICEF Kazakhstan басшысы зияткерлерге дәріс оқыды
27 ақпан 2026 11:10
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне БҰҰ жанындағы UNICEF Kazakhstan қорының басшысы Рашед Мустафа Сарвар келді. Ол зияткелік мектеп өмірімен танысып, оқушылармен диалог жүргізді.
Кездесуге білім ордасындағы «Эколидер», MUNNISA, «Мейірім өскіні» еріктілер тобының мүшелері және Жааөзен қаласындағы «Жасыл жебе», «Ғибрат PRO» өкілдері қатысты. Кездесу барысында мектеп басшысы Ринат Жұмабаев келген қонақтарға алғысын білдіріп,мектеп миссиясы мен білім ордасының құндылықтарымен, еріктілер жылында білім ордасының атқарып жатқан шараларымен таныстырды.
UNICEF Kazakhstan басшысы Рашед Сарвар, зияткерлік мектептің миссиясының үндестігіне, құндылықтардың маңызды екенін айрықша атап өтті. Ол балалар құқығын қорғау ұйымының жұмыс бағыттарымен таныстырып, осы уақытқа дейін атқарылған істер туралы баяндады. Сонымен қатар, балаларға маңызды кеңестерін айтып, қоршаған ортаны қорғау, жасыл желекті көбейту маңыздылығына ерекше тоқтады.
- Ғаламдық жылынудың, климаттың өзгеруі туралы айтуымыз, халыққа жеткізуіміз маңызды. UNICEF өткен жылы 25 мың түп жасыл желек отырғызып, 500 тоннадан астам қоқыс жинады. Біз жасыл елді қалайтындығымызды көпшілікке жеткізе білу өте маңызды, - деді Рашед Сарвар.
Кездесу соңында мектеп басшысы оқушылар мен ұстаздар қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын сыйға тартып, қатысушылар естелікке фотоға түсті.