Жаңалықтар
Зияткерлер Үндістандағы Mayoor International School мектебімен онлайн кездесті
27 ақпан 2026 15:35
Ақтаудағы NIS мектебі қабырғасындағы @beyond.nisaktau қоғамдастығының мүшелері, білім ордасының ұстазы доктор Мохамед Элших және Үндістанның Джайпур қаласындағы Mayoor International School мектебінің оқушылары онлайн форматта өткен мәдени алмасу шарасына қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар бір-бірінің тарихы, мәдениеті және географиясы туралы танысып, өз елдері жайлы мазмұнды презентациялар ұсынды. Қатысушылар Қазақстан мен Үндістан арасындағы ортақ құндылықтар мен мәдени байланыстарды атап өтті.
Аталған кездесу NIS Aktau мен Mayoor International School арасындағы серіктестік аясында өткен алғашқы бірлескен конференция болды және халықаралық ынтымақтастықтың маңызды қадамына айналды.
Осындай кездесулер оқушылардың жаһандық көзқарасын кеңейтіп, мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.
Mayoor International School – Үндістандағы Жаһандық Технологиялар Институтының бастамасымен іске қосылған 1-12 сыныпқа дейін білім беретін халықаралық мектеп. Оқушылар өз мүмкіндіктерін түрлі сыныптан тыс бағдарламалар арқылы дамытады, соның ішінде STEAM жобалары, қызығушылық клубтары, дебат және шешендік өнер, мәдени мұраны сақтау, кітап оқу бастамалары, би мен музыка, өнер және дизайн, йога және сауықтыру шаралары бар.