Жаңалықтар
Алғыс айту күніне кіші қызметкерлер қайырымдылық жасады
02 наурыз 2026 14:06
Ақтау қаласындағы NIS ұжымының кіші қызметкерлері «Жақсылық жасап жарысайықшы» челленджін қолдап, Алғыс айту күнінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Кіші қызметкерлер үйлерінен азық-түлік әкеліп, басында баспанасы жоқ, бес баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Басқұдық елді-мекенінде тұратын әкеге көмек қолын созды.
- Әлем мейірімділіктен тұрады. NIS қызметкерлер Алғыс айту күні және Рамазан айында осындай қайырымдылық челленджін өткізейік деген ұсыныс білдірген еді. Бір адамға қуаныш сыйлай алсақ соны өзі біз үшін көңілге медеу, - дейді оқу орнының шаруашылық ісі жөніндегі меңгерушісі Асел Қалқаманқызы.