logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Алғыс айту күніне кіші қызметкерлер қайырымдылық жасады

02 наурыз 2026 14:06

Ақтау қаласындағы NIS ұжымының кіші қызметкерлері «Жақсылық жасап жарысайықшы» челленджін қолдап, Алғыс айту күнінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Кіші қызметкерлер үйлерінен азық-түлік әкеліп, басында баспанасы жоқ, бес баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Басқұдық елді-мекенінде тұратын әкеге  көмек қолын созды.

-           Әлем мейірімділіктен тұрады. NIS қызметкерлер Алғыс айту күні және Рамазан айында осындай қайырымдылық челленджін өткізейік деген ұсыныс білдірген еді. Бір адамға қуаныш сыйлай алсақ соны өзі біз үшін көңілге медеу, - дейді оқу орнының шаруашылық ісі жөніндегі меңгерушісі Асел Қалқаманқызы.

https://www.instagram.com/reels/DVX_X-Pko6B/