Жаңалықтар
“ALASH CUP-2026” облыстық пікірсайыс турнирі өтті
03 наурыз 2026 15:15
Ақтаудағы NIS қабырғасында «Alash» пікірсайыс турнирі төртінші рет ұйымдастырылды. Облыстық турнирге 48 фракция құрамында 96 дебатер қатысып, дәлелдеу және сендіру қабілеттерін сынға түсірді. Қарарлар саясат, адам өмірі мен қоғам секілді өзекті тақырыптарды қамтыды. Т
Қазақ лигасы бойынша жеңімпаздар:
🥇 “Ұстақ өзгертеміз” : Зейнеп Серік (НЗМ) ; Мадина Узакбергенова
🥈 “По ходу көреміз”: Мағжан Көшкінбай ; Анеля Аметжанова
🥉 “idea”: Гульмира Сүйеуова; Аружан Куанышбек
Ең үздік спикер: Зейнеп Серік (НЗМ)
Ең үздік төреші: Мөлдір Оразбаева
Орыс лигасы бойынша жеңімпаздар:
🥇 “Unis” : Фериде Мутиева (НЗМ) ; Назерке Аманкулова (НЗМ)
🥈 “lady killers”: Іңкәр Қуаныш (НЗМ) ; Гауһар Жаңбырбай (НЗМ)
🥉 “Still Standing” : Нұрдаулет Берікқазы (НЗМ) ; Томирис Каримова (НЗМ)
Ең үздік спикер: Алихан Суйер (НЗМ)
Ең үздік төреші: Сати Махмудова
Alash пікірсайыс клубының менторы Мереке Ақбөбектің сөзінше, биылғы турнирде орыс және қазақ лигаларында мектеп оқушыларының қатысуы артты. Бұл - мектебіміздегі пікірсайыс әлеуетінің мықты дамып жатқанын көрсетеді.
“Облыстық турнирді ұйымдастыру біз үшін үлкен тәжірибе әрі жауапкершілігі жоғары сынақ болды. Жалпы алғанда, ең үлкен жетістігіміз – команданың ұйымшылдығы мен өзара сенімі. Әркім өз рөлін түсініп, ортақ мақсатқа жұмыс істеді, сондықтан турнир мазмұндық және ұйымдастырушылық тұрғыдан сәтті өтті. Қатысушылардың белсенділігі мен кері байланысы да еңбегіміздің нәтижесін көрсетті”,- деді Ақбөбек Мереке.