Жаңалықтар
NIS AKTAU ұстазы IV Scuola Democratica халықаралық конференциясына шақырту алды
09 сәуір 2026 11:17
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынар Шерубаеваның зерттеу жұмысы итальяндық Scuola Democratica ғылыми журналының IV Scuola Democratica халықаралық конференциясына өтті.
Халықаралық Scuola Democratica конференциясы білім беру мен демократия арасындағы маңызды өзара байланысты зерттеуге арналған. Кездесу биыл 1-4 қыркүйек күндері Рим қаласында «Демократия үшін оқу / Оқу үшін демократия» тақырыбын қозғайды. Демократиялық құндылықтардың мәңгілік маңызын ғана растап қоймай, оларды сыни тұрғыдан қайта қарастыруға және күнделікті білім беру мен әлеуметтік тәжірибеде нақты жүзеге асыруға шақырады.
Шынар Шерубаева «Мәтінді қысқарту әдістерін қолдану оқу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?» тақырыбындағы зерттеу жұмысын халықаралық конференцияға жолдаған.
- Мәтінді қысқарту тәсілдерін меңгеру оқушыларға коммуникативтік мақсаттарға сәйкес қажетті ақпаратты алу, іріктеу, түрлендіру және жеткізу үшін тілдік дағдыларды нақты уақыт режимінде қолдануға мүмкіндік береді, - дейді мәселені зерттеген ұстаз.