logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақтаулық NIS ұстаздарының 22 зерттеу жұмысы ECER-2026 конференциясына шақырту алды

09 сәуір 2026 11:05

 

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарының 22 зерттеу жұмысы биыл  Еуропадағы танымал ECER-2026 білім конференциясында таныстылымға шақырылды. Оқу орнының 40-тан аса  ұстазы оқу жылының басынан бері әртүрлі тақырыптағы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, абстракттарын конференция комиссиясына жіберген болатын.

ECER конференциясы – білім беруді зерттейтін Еуропадағы басты конференцияладың бірі. Жиын 30-дан аса бағыт бойынша зерттеушілердің халықаралық кеңесін құрайды. Дәстүрлі конференция биыл Финляндияның Тампере қаласында  18-21 тамыз аралығында өтеді.

-          Мектебіміздің мұғалімдері бұл халықаралық конференцияға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Көбінесе сабақ процесіндегі іс-әрекеттерді зерттеуді қамтиды. Бастапқы жылдары 1-2 мұғалім қатысса қазір 40-тан аса ұстаз сабақ барысын зерттейтіндігі қуантады. Бұл жағдайға жиынға барып келген ұстаздардың өзге әріптестерге сабақты зерттеуді, ғылыми жұмыс жазуды тұрақты үйреткендігі себеп болды, - дейді мектеп директорының ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Нұрзада Ермаганбетова.

-           

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-