logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Оқушылар Чернобыль оқиғасының куәгерлерімен кездесті  

16 сәуір 2026 09:00

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары мен «Эколидер» еріктілер клубы «Радиация: адамдардың денсаулығы мен қоршаған орта үшін жауапкершілік» тақырыбында «Эко-көзқарас» пікірталас алаңын өткізді. Кездесу «Химия-биология және экология» апталығының аясында және Экологиялық білім күніне орай ұйымдастырылды.

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9- сынып оқушылары мен химия пәнінің мұғалімдерімен өткен пікірталасқа «Маңғыстау облыстық «Чернобыль» одағы» қоғамдық бірлестігінің белсенділері қатысты.

Іс-шараның мақсаты - азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, Чернобыль АЭС апатын жоюшы батырларды құрметтеу, еске алу.

Адамзат тарихындағы ең қайғылы техногендік апаттардың бірі туралы КСРО-ның "Еңбек ардагері", "Маңғыстау облыстық "Чернобыль" одағы" ҚБ басқарма төрағасы Юрий Кержбаум және чернобыльдік ардагерлер - Юсуп Абдухалилов, Ильгар Гезалов Джалал-оглы, Валентина Гапонова және Абай Тажиев  сұрақтарға жауап бере отырып, әсерлі айтып  берді.

Айта кету керек, биыл Чернобыль оқиғасына 40 жыл толады. Ең үлкен техногендік апаттың зардабын жоюға дүние жүзі бойынша 600 000-ға жуық адам қатысты. Ал Қазақстаннан 32 мыңға жуық адам аттанды.

-          Көптеген адамдар радиацияның әсерінен зардап шекті. Адамдар міндетті жұмылдыру шеңберінде мемлекеттік өкімді орындай отырып та, борыш сезімімен жүректің шақыруымен де радиоактивті зақымдану аймағына өз еркімен барды. Бұл үлкен батылдық, - деді кездесу қатысушылары.

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басты құндылықтарының бірі  - қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік. Аталған құндылықтарды  бала бойына сіңіру мақсатында  тәрбиелік маңызы бар шаралар жиі ұйымдастырылады.

Фотогалерея

image-