logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Зияткерлер грэпплингтен өткен республикалық чемпионаттан жүлдемен оралды

16 сәуір 2026 15:45

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7- сынып оқушысы Музаффар Батыржан Тараз қаласында алғаш рет грэпплингтен AIGA нұсқасы бойынша өткен Қазақстан Республикасының чемпионатынан І орын, 9-сынып оқушысы Абылайхан Демеген ІІІ орын иеленді.

Жарыс 11-12-сәуір күндері жасөспірімдер мен юниорлар арасында өтті. Ақтаулық зияткерлер Маңғыстау облысыныың құрама командасымен барды. Бұл тарихи додаға еліміздің барлық облыстарынан ең мықты спортшылар жиналып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Музаффар Батыржан грэпплинг күресімен бір жылдан бері айналысады. Осыған дейін таэквондо, кикбоксинг секілді спорт түрлерімен айналысқан. Бапкері  -  Ринат Русланов. Абылайхан Демеген – грэпплингке алты айдан бері қатысып келеді. Бапкері – Есболат Медеуов.

Зияткерлерді жеңіспен құттықтаймыз!

Фотогалерея

image-
image-