Жаңалықтар
«Дарындылар галереясы» – жетістіктер шежіресі
02 маусым 2026 10:15
NIS Ақтауда 2025–2026 оқу жылында білім мен ғылым, шығармашылық және спорт салаларында жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларды таныстыратын «Дарындылар галереясы» атты кітапша жарық көрді.
Жинаққа халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар байқауларының, экология және STEM бағытындағы жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізілді. Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және желілік олимпиадаларда, түрлі конкурстарда, шығармашылық және спорттық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен оқушылардың жетістіктері қамтылған.
Кітапша дарынды оқушылардың табандылығы мен еңбегін насихаттап қана қоймай, олардың табысты жолын кейінгі буынға үлгі етеді. Басылымда әрбір жетістік мектеп ұжымының, ұстаздар мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің жемісі ретінде көрсетілген.
«Дарындылар галереясы» – бұл оқушылардың жарқын жетістіктерін дәріптейтін, білім ордасының табыс тарихын айшықтайтын ерекше жинақ.