Жаңалықтар
Ақтаудағы NIS ұстаздары — ECER 2026 халықаралық конференциясында
19 тамыз 2026 09:23
Финляндияның Тампере қаласында білім беру саласындағы ең ірі халықаралық ғылыми шаралардың бірі — «ECER 2026» конференциясы өтті. Аталған конференцияға әлемнің 70-тен астам елінен білім беру саласының зерттеушілері, ғалымдары мен педагогтері қатысуда.
Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы — «Knowing and Acting: The changing conditions and potentials of education research». Халықаралық білім беру қауымдастығының маңызды алаңында Ақтау қаласындағы NIS педагогтері өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынды.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Жаннұр Мауытова мен Назерке Ануарова «Developing Students’ Critical Thinking and Reading Literacy through the Use of Historical Feature Films and Documentary Films» тақырыбындағы зерттеу жұмысын таныстырды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Айгүл Айтан мен Анзия Асанова «Developing Speaking Skills through Debate Activity» тақырыбында зерттеу жұмыстарын ұсынып, пікір алмасты. Сонымен қатар Айгүл Айтан «Teaching Technical Documentation through Differentiated and Creative Instructional Strategies for Improving Students’ Vocational Knowledge and Readiness for Production-oriented Tasks» тақырыбындағы зерттеуін таныстырды.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Ширин Данешяр мен Нагима Омарханова «The Effectiveness of Criteria-Based Assessment in Meeting the Needs of Students with SEND in Mainstream Schools in Kazakhstan» ғылыми-зерттеу жұмысын ұсынды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Алмагүл Утеева «Developing Seventh-Grade Students’ Research Skills through a STEAM-Based Approach» тақырыбында зерттеу жұмысын таныстырды. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шадкам Айназ «Enhancing 10th Graders’ English Language Learning through Video Dubbing: A Task-Based, Creative Pedagogical Approach» тақырыбындағы зерттеуін көпшілік назарына ұсынды.
ECER 2026 - педагогтердің халықаралық тәжірибе алмасуына, ғылыми ізденістерін таныстыруына, шетелдік әріптестерімен кәсіби байланыс орнатуына және білім берудің заманауи бағыттары бойынша пікір алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаң.
#ECER2026 #NIS