Жаңалықтар
«Эколидер» волонтерлік клубының жетекшісі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды
20 желтоқсан 2024 12:00
«Эколидер» волонтерлік клубының жетекшісі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды
19 желтоқсан күні Маңғыстау облысы экология департаментінің алаңында«Эколидер» волонтерлер клубы мен ECOJER қауымдастығының қорытынды кездесу өтті. Кездесу барысында Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Эколидер» волонтерлер клубы мен ECOJER аймақтық экологиялық кеңесінің белсенді мүшелерін марапаттау рәсімі өтті.





Атап айтқанда , «Эколидер» волонтерлік клубының жетекшісі, экология бойынша үйлестіруші Жақсылықова Бақытгүл Өмірханқызына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғауға және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетінің қалыптасуына қосқан ерекше үлесі үшін Экология департаменті директорының Құрмет грамотасымен және Алғысымен мектеп директоры Жумабаев Ринат Нурланович, директордың орынбасары Мурзабеков Айбар Бейбитович, жатақхана тәрбиешісі Мизамбаева Жумагуль Сурибаевна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтан Айгүл Лесқызы, шаруашылық жұмыстары жөніндегі меңгеруші Сальменова Асель Калкамановна, 12-сынып оқушысы, «Эколидер» волонтерлік клубының президенті Ришат Дильшат, «Экокөзқарас» дискуссиялық алаңы жобасының жетекшісі, 9-сынып оқушысы Жарылғасын Айгерім марапатталды.


Кездесу экобелсенділеріміз өңіріміздегі экологиялық өзекті мәселелерді талқылауымен, 2025 жылға арналған жоспарға маңызды ұсыныстар білдіруімен жалғасты .