Жаңалықтар
Ақтаудағы NIS оқушысы Дамир Нұрланов Жәутіков олимпиадасында күміс медаль иеленді
18 қаңтар 2025 09:58
Елордада математика, физика және информатика пәндері бойынша XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO) өтті.
Олимпиадаға 15 елден, атап айтқанда Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия, Моңғолия және Қазақстаннан 700-ге жуық оқушы қатысты.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары 16 медаль жеңіп алды, оның ішінде 5 алтын, 5 күміс және 6 қола бар.
Ақтаудағы NIS оқушысы Дамир Нұрланов Математика пәнінен күміс медальға ие болды.
Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 2004 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемнің дарынды оқушылары үшін беделді білім сайысы саналады.