Жаңалықтар
Ақтаудағы NIS оқушылары Digital Almaty 2025 форумында бірегей жобаларын ұсынды
04 ақпан 2025 10:00
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Digital Almaty 2025 беделді халықаралық форумына қатысты.

Атап айтқанда, форумда 12-сынып оқушылары Абуов Расул мен Бақтығали Айсұлтан Qmeta жобасын таныстырды. Бұл «VRSCHOOL» виртуалды жоба көмегімен мектеп оқушыларына STEM пәндерін оқытуда таптырмас платформа. Жоба оқу үдерісін анағұрлым интерактивті әрі қызықты етеді.
Сондай-ақ, 11-сынып оқушылары Азан Есбол мен Тілеу Ерсұлтан «Sardar» жобасын ұсынды. Бұл – Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және әдеби кейіпкерлерімен таныстыратын электронды ойын. Жоба заманауи технологиялар арқылы жастар арасында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған.