Жаңалықтар
100-ге жуық әке Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бала тәрбиесі мен отбасы құндылықтарын талқылады
22 ақпан 2025 17:25
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде III Әкелер форумы өтті. Тәрбиелік мәні зор іс-шарада отбасындағы әкенің рөлі, тәрбиесі кеңінен сөз болды.
Форумға 100-ге жуық әке қатысып, бала тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен отбасылық білім мәселелерін талқылады.Форумның басты тақырыптары отбасындағы әкенің орны, қазіргі цифрлы дәуірде ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, сондай-ақ, әкенің бала тәрбиесіне әсері болды.





Форумның ашылуында Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ринат Жұмабаев, Маңғыстау облыстық әкелер одағының төрағасы Аллаберген Қонарбаев, сондай-ақ, Mediana Services Limited IT-компаниясының бас директоры Өмірбек Құрбанбаев сөз сөйлеп, әке тәрбиесінің маңызын баса айтты. Әкелер баланың әл-ауқатын арттыру мен оның болашағына әсер ететін дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығын айрықша атап өтті. Форум аясында қатысушылар «Оқушылардың әл-ауқаты және цифрлы сауаттылық» тақырыбында пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісті. Сондай-ақ, әкелер «Мен NIS-ті қаншалықты білемін?» атты Kahoot ойынына қатысты.
