logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ақтаудағы NIS оқушылары халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі екі номинация иеленді

24 ақпан 2025 15:06

Ақтаудағы NIS оқушылары халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі екі номинация иеленді

Алматыда өткен «First Robotics Almaty Tech Cup 2025 - Central Asia FIRST Championship & Drone Racing» халықаралық байқауында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі командасы жүлдегер атанды. Биылғы чемпионаттың тақырыбы – «Су ресурстарын зерттеу және теңіз әлемін сақтау». Жарысқа 10 елден 3000-нан астам оқушы қатысып, 120 команда өз жобаларын ұсынды.

Бұл жарыста Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің екі командасы S7 Alpha – Breakthrough Award жүлдесі және S7 RobOcean – Help Hand Award жүлдесімен марапатталып, 120 команда арасынан оза шапты.

✅ S7 Alpha командасының жобасы

OE2S (Ocean Eco Safe System) – мұхит экожүйелерін қорғауға арналған инновациялық шешім. Ол теңіз биоалуантүрлілігін зерттеу, ластанудың алдын алу және экожүйені қалпына келтіруді мақсат етеді.

✅ S7 RobOcean жобасы WM (Water Monitoring) – Arduino негізінде судың сапасын бақылауға арналған құрылғы. Ол температура, ылғалдылық, жауын-шашын туралы деректерді жинап, ақпаратты талдау арқылы экологиялық жағдайды болжауға көмектеседі.

Командаларды жарысқа дайындаған менторлар – Амантай Батырхан мен Өмірбеков Нұрсұлтан, жетекшісі – Қалиев Қазбек.

Central Asia FIRST Championship – жастардың ғылым мен инженерияға қызығушылығын арттыруға бағытталған халықаралық деңгейдегі беделді жарыстардың бірі. Ақтаулық оқушылардың жетістігі – Қазақстандағы инновациялық білім берудің қарқынды дамуының дәлелі.

Жас инженерлерімізді құттықтаймыз!