Хабарландырулар
Жатақханаға өтініш қабылдаудың ІІ кезеңі туралы хабарлама
НҰСҚАУЛЫҚ
Құрметті ата-аналар!
2025-2026 оқу жылына оқушыларға жатақханадан орын берілуі үшін ата-аналар арызы мен тиісті құжаттар 2025 жылдың тамыз айының 18- 24 күндері аралығында қабылданатынын хабарлаймыз. Өтініштер 2022 жылғы 1 маусымдағы (№23 хаттама) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітілген, 2025 жылғы 30 мамырда (№23 хаттама) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жатақхана қызметін ұйымдастыру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) негізінде қабылданады. Оқушылардың заңды өкілдерінің өтініштері жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, жатақханаға өтініш беру және қарау қызметі (https://otinish.nis.edu.kz) арқылы қабылданады.
Ереженің 2 тармағы бойынша - Жатақханалар Зияткерлік мектептердің құрылымдық бөлімшелері болып табылады, төмендегі топқа жататын Зияткерлік мектептердің 7-12 класс оқушыларының уақытша тұруын және тәрбиеленуін қамтамасыз етеді:
1) «Өркен» білім беру грантының иегерлері;
2) Ақылы негізде білім алушылары.
Ереженің 20-тармағына сәйкес – Оқушының заңды өкілі өтініш берген кезде өтінішке келесі құжаттарды қоса береді:
1) туу туралы куәліктің көшірмесі, ЖСН көрсетілген туу туралы куәлікке қосымша беттің көшірмесі және оқушының жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) көшірмесі;
2) оқушының заңды өкілдерінің жеке куәлігінің көшірмесі. Оқушы толық емес отбасынан шыққан жағдайда: қайтыс болу туралы куәлік, некені бұзу туралы құжаттар, жалғыз басты ананың мәртебесін растайтын құжат;
2-1)Оқушының Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген санаттарға жататынын растайтын құжаттар;
3) egov.kz электрондық үкімет порталынан білім алушының заңды өкілдерінің тіркелген күні міндетті түрде көрсетілген тіркеу мекенжайы туралы мәліметтер (скриншот); Оқушының тұрғылықты жері олардың заңды өкілдерінің тұрғылықты жері болып танылады.
Аталған мекенжай бойынша тіркеу мерзімі өтініш берген күннен бастап кемінде 2 (екі) жыл болуы тиіс. Бұл талап растайтын құжаттарды міндетті түрде ұсына отырып, жұмысының өзгеруіне немесе басқа да отбасылық жағдайларға байланысты аталған орындарға көшуді қоспағанда, оқушының заңды өкілдеріне қолданылады. (еңбекке қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, еңбек шартының көшірмесі, соңғы 6 ай ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен берілген БЖЗҚ салымшысының ақшалай қаражатының түсуі және қозғалысы туралы мәліметтер, жалға алу немесе сатып алу-сату шарты немесе қоныс аудару орны бойынша тұрғын үйді сатып алуды растайтын басқа да құжаттар).
Заңды өкiлдер әртүрлi мекен-жай бойынша тiркелген жағдайда, оқушының тұрғылықты жерi Зияткерлік мектепке қабылданғанға дейiн оқу орнында бiлiмiн растайтын құжаттармен (табель немесе баға транскрипті) анықталады.
1) жетім және жетім балалардың мәртебесін растайтын құжат (сот бұйрығы, қалалық білім бөлімінің қорғаншылық туралы бұйрығы, қажет болған жағдайда қорғаншылық туралы анықтама);
2) егер оқушы немесе оқушының заңды өкілдері І, ІІ топтағы мүгедектер болып табылса, заңнамада белгіленген форма бойынша мүгедектігі туралы анықтама және заңда белгіленген нысан бойынша мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алу туралы анықтама);
3) аз қамтылған азаматтар үшін – өтініш беруші және оның отбасы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатынын растайтын анықтама. Бұл анықтама жарты жылда бір рет жаңартылып, Зияткерлік мектепке тапсырылуы керек.
4) заңды өкілдердің жұмыс орнынан анықтамалардың сканерленген түпнұсқалары немесе жұмыссыз мәртебесі туралы анықтама немесе нөлдік кірісті растайтын соңғы 6 айдағы бірыңғай ұлттық зейнетақы қорынан үзінді көшірме.
Жатақханадан орын беру туралы заңды өкілдердің өтініштері тіркеу күні мен уақыты көрсетіле отырып, сервизде автоматты түрде тіркеледі.
Ереженің 22 тармағы бойынша - «Өркен» білім беру гранты иегерлері оқу кезеңінде ақысыз негізде жатақханада тұруға орын алу үшін оқушылар мынадай реттілікке сәйкес басым құқыққа ие болады:
1) балалар үйінің тәрбиеленушілері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар;
2) оқушылар – мүгедектігі бар балалар;
3) оқушылар, заңды өкілдерінің біреуі немесе екеуі де I, II топтағы мүгедектер болып табылса;
4) оқушылардың заңды өкілдері аз қамтылған азаматтарға жатқызылған және АӘК алушылар болып табылатын;
5) Зияткерлік мектеп орналасқан облыстың әкімшілік аумағында орналасқан ауылдардан, елді мекендерден және қалалардан (Зияткерлік мектеп орналасқан қаланы қоспағанда) келген оқушылар, олардың ішінде 7 сынып оқушылары басым құқыққа ие;
6) Зияткерлік мектеп орналасқан облыстың әкімшілік бағыныстылығының аумағында емес ауылдардан, елді мекендерден және қалалардан (Зияткерлік мектептер орналасқан қалаларды қоспағанда) келген оқушылар, олардың ішінде 7 сынып оқушылары басым құқыққа ие;
7) басқа республикалық және облыстық маңызы бар қалалардан (Зияткерлік мектеп орналасқан қаланы қоспағанда) келген оқушылар олардың ішінде 7 сынып оқушылары басым құқыққа ие;
Ереженің 31-тармағына сәйкес – Ерекше жағдайларда, бос орындар болған жағдайда, Зияткерлік мектеп комиссиясы Ереженің 22-тармағында көрсетілген санаттарға сәйкес келмейтін оқушылардың заңды өкілдерінің өтініштерін қарауға және келесі жағдайларда және тиісті кезектілікпен орындарды беруге құқылы:
1) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан баспанасынан айырылған оқушылар; (төтенше жағдайлар нәтижесінде тұрғын үйдің болуы/болмауы немесе жоғалуы туралы анықтама);
2) заңды өкілдері (екеуі де) іссапарға, оқуға түсуіне немесе туыстары мен жақындарының емделуіне байланысты 6 (алты) айдан астам шетелде болатын (болатын) оқушылар (іссапарға шығу туралы бұйрық, білім беру ұйымы мен оқу мерзімі көрсетілген оқу туралы анықтамалар, ДКК анықтамалары, басқа да куәландыратын құжаттар);
3) Зияткерлік мектеп ғимаратының орналасқан жерінен 12 км және одан да көп қашықтықта тұратын және Зияткерлік мектеп орналасқан жерге көліктік қолжетімділігі мен қамтамасыз етілуі шектеулі оқушылар.
Ережелердің талаптарына сәйкес келетін, бірақ саны шектеулі болғандықтан жатақханадан тұруға орын алмаған оқушылар Комиссияның шешімімен резервтік тізіміне (ұлдар мен қыздар) бөлек енгізіледі.
Құрметті ата-аналар!
ü Комиссияның шешімі 2025 жылдың 26 тамызында жарияланады.
ü Жатақханадан орын алған оқушылар 2025 жылдың 1 қыркүйегінде қажетті медициналық құжаттары ұсынылған жағдайда орналастырылады.
ü «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 01.06.2022 жылғы шешімімен бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру ережесінің (№ 23 хаттама) (2025 жылғы 30 мамырдағы(№ 23 хаттама) өзгерістер мен толықтырулар www.nis.edu.kz сайтында