logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Lesson Study — тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» атты семинар-тренинг

03 наурыз 2025 14:11

НЗМ ФМБ базасында Ақтөбе қаласының білім басқармасы жанындағы облыстық әдістемелік орталық «Lesson Study — тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренингтің мақсаты — қатысушыларды «Lesson Study» концепциясымен, оның артықшылықтары мен оқу практикасындағы қолданысымен таныстыру.

Тренинг барысында қатысушыларға Lesson Study әдістемесі бойынша панорамалық сабақтар сериясы дайындалды. Lesson Study әдістемесі бойынша панорамалық сабақтар мұғалімдердің кәсіби дамуы, шығармашылық тұрғыда өсуі және білім беру процесінің сапасын жақсарту үшін маңызды рөл атқарады.

Қатысушы-мұғалімдер Lesson Study-дің негізгі принциптері мен кезеңдерімен танысты, олардың ішінде: сабақтарды бірлесіп жоспарлау, сабақты өткізу барысында бақылау жүргізу, сабақты бірлесіп талдау, сабақты дайындау мен жоспарлау.

НЗМ дене шыңықтыру мұғалімдері оқушылармен бірге «Командалық ойындардың стратегиясы мен ынтымақтастық тұрғысынан тиімділігін бағалау» тақырыбында сабақтар көрсетті. Сабақтардың мақсаты — командалық стратегиялар мен өзара әрекеттесудің тиімділігін талдау арқылы критикалық ойды дамыту. Семинар қатысушылары командалық ойындарды өткізу және ойын барысында дұрыс әрі қателікті шешімдерді талдау процесімен танысты.

Кейін, қатысушылар топтарға бөлініп, өз сабақтарын жасау бойынша тәжірибелермен алмасты. Практикалық бөлімде топтар идеялармен бөлісіп, талқылаулар жүргізді.