logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

"Шоқтығы биік Шоқан" атты желілік байқаудың жеңімпаздары

10 наурыз 2025 15:56

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы аясында Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында «Шоқтығы биік Шоқан» атты әдеби-шығармашылық желілік байқау өткізді.

Байқауға біздің мектебіміздің 8 сынып оқушылары: Сағидулла Шұғыла, Дюсенбенова Аружан, Несіпбаева Гүлдана және 9 сынып оқушылары: Абдрахман Ханшайым, Кулжабаева Инкар қатысты.

Байқау шарты бойынша оқушыларға 3 бағыт берілді:
1. 7-8 сынып оқушылары арасында «Шоқанның атынан монолог оқу» сайысы (3 минуттан аспайтын сапалы видео түсіріп, жолдау.
2. 9-10 сынып оқушылары арасында «Шоқанға арнау» 10 шумақтан аспайтын өлеңдерін жазып, жолдау.
3. 11-сынып оқушылары арасында «Шоқан – қазақтың жарқын жұлдызы» тақырыбында буктрейллер жолдау болды.

Нәтижесінде:1 орын- Абдрахман Ханшайым; 3 орын- Сағидулла Шұғыла.
Дюсенбенова Аружан, Несіпбаева Гүлдана және де Кулжабаева Инкар – мадақтама иеленді.

Құттықтаймыз!