Жаңалықтар
Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің психологы «Үздік жыл психологы» республикалық байқауының жеңімпазы
15 наурыз 2025 13:39
2025 жылдың 13-14 наурыз аралығында Алматы қаласында білім беру ұйымдарының психологтері арасында «Үздік жыл психологі» республикалық конкурсы өтті. Қорытынды кезеңге аймақтық кезеңнен өткен 100-ге жуық психолог қатысты.
Ақтөбедегі физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің психологы Перизат Камидоллина «Үздік жыл психологы» республикалық байқауында III дәрежелі орынға иеленді.
Бұл байқаудың мақсаты – дарынды психологтарды анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби және шығармашылық өсуіне ықпал ету, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологтардың озық тәжірибелерін насихаттау және тарату.
Байқау ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен колледж, мектеп және балабақша психологтері келесі санаттар бойынша қатысты: 1 санат – 3-5 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтер; 2 санат – 5-7 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтер; 3 санат – 7 жылдан астам еңбек өтілі бар психологтер.
Перизат Ербулатовна өзінің категориясы бойынша - еңбек өтілі 7 жылдан жоғары, 33 қатысушының арасынан үшінші орынға ие болды.