Жаңалықтар
Информатика және химия пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары
15 наурыз 2025 13:55
Ақтөбе қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары 11-15 наурыз аралығында Ақтау қаласында өткен информатика және химия пәндері бойынша Республикалық олимпиадада жүлдегер атанды.
Күміс медальді 11 сынып оқушысы Алтай Аян (Химия) жеңіп алды.
Қола медальді 10 сынып оқушысы Асланұлы Сұлтанби (Информатика) иеленді.
Жалпы командалық есепте НЗМ ДББҰ құрамасы 6 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.
Барлық қатысушыларды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Сіздің еңбегіңіз, табандылығыңыз және білімге деген құштарлығыңыз бізді шабыттандырады. Алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!