logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Тағамдар тарихы: дәстүрдің дәмді жолы» шеберлік класс

17 наурыз 2025 14:55

Асыл және Самұрық шаңырақтарының ұйымдастыруымен тәрбие бағыты бойынша «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «Тағамдар тарихы: дәстүрдің дәмді жолы» ұлттық тағамдардың қадір-қасиетін ұлықтау және ұлттық қолөнер түрлерін насихаттау бойынша шәкірттеріміздің әжелерімен шеберлік класс өткізілді.

Шара барысында әжелеріміз ұлттық тағамдардан жент, құрт,қызыл ірімшіктің жасалу жолдарымен бөлісіп, тағамдардың құнарлылығын атап өтті. Сонымен қатар ұлттық қолөнер түрлерінен құрақ көрпе, көпшіктерді көрсетіп, түйе-қой жүндерінен жіп иіру,яғни ұршық иірудің пайдасы мен мағынасын ашып айтты.

Келген әжелерімізге шаңырақ оқушылары ән арнап, күй тартты, әжелеріміз алғыс хаттармен марапатталды.

Шеберлік класс педагог-кураторлар Айсана Қасен және Заида Ташкинбаеваның жетекшілігімен өткізілді.