Жаңалықтар
NIS Aktobe шәкірттері бірінші жасанды интеллект олимпиадасының жүлделі орындарға иеленді
26 наурыз 2025 10:59
Елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 10–12-сынып оқушылары арасында алғаш рет өткізілген жасанды интеллект бойынша желілік олимпиада сәтті аяқталды. Жарыс дәстүрлі «Наурыз кездесулері» аясында ұйымдастырылды.
Олимпиадаға 150-ден астам NIS оқушысы қатысты. Болашақ IT мамандары екі күн бойы күрделі тапсырмаларды орындап, жасанды интеллект саласындағы білімдері мен дағдыларын шыңдады.
Байқау жеңімпаздары арасында NIS Aktobe оқушылары жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Расул Елеуов (Назарбаев Университетінің ISSAI институтынан жазғы тағылымдаманың иегері)
2 орын - Керей Бердышев
3 орын - Амирхан Курмангазин, Джафар Мажитов, Наби Ахан, Алихан Багланов.




