Жаңалықтар
NIS Aktobe оқушылары республика олимпиадада география пәнінен топ жарды
31 наурыз 2025 10:00
Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Алматы қаласында 9-11 (12) сыныптар арасында география және математика пәнінен өткен республикалық олимпиадада 2 алтын медальге ие болды.
География пәні бойынша:
9-сынып оқушысы Ақтілек Аманжолов
12- сынып оқушысы Алихан Калмагамбетов
NIS Aktobe оқушылары мен жетекшілерін құттықтаймыз!
Айта кететіні, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда – 2025» атанды.